Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 08 мамырда күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі.
08 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Тараз қ.: 08 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
08 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.