«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 03 мамырда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
03 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 03 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.