Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 01 мамырда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
01 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 01 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
01 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.