«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 30 сәуірде түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 30 сәуірде облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Тараз қ.: 30 сәуірде жоғары өрт қауіпі сақталады.