«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 28 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
28 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында жоғарғы өрт қауіпі күтіледі.
Тараз қ.: 28 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.