«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 21 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.