«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 16 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 16 сәуірде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.