«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 13 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с , екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 13 сәуірде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.