«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 28 наурызда кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі.