«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26 наурызда Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 26 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.