Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 25 наурызда түнде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, көктайғақ, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 25 наурызда түнде және таңертең жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.