«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 08 наурызда түнде Жамбыл облысында жауын-шашын, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 08 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.