«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 04 наурызда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында қар, күндіз таулы аудандарында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 04 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.