Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 28 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 28 ақпанда күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.