«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 27 ақпанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 27 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.