«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 24 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.