«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23 ақпанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 23 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.