Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22 ақпанда түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с.
26 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Тараз қ.: 22 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.