«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 2025 жылдың 21-24 ақпан аралығында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.