«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 18 ақпанда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 18 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.