«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15 ақпанда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, таулы аудандарда қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 15 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.