«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 14 ақпанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 14 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.