«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 ақпанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 12 ақпанда кей уақыттарда тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.