«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 30 қаңтарда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 30 қаңтарда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.