Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29 қаңтарда таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 29 қаңтарда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.