«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22 қаңтарда Жамбыл облысында жауын-шашын, облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
Тараз қ.: 22 қаңтарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде 11-13 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.