Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17 қаңтарда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 17 қаңтарда кей уақыттарда тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.