Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 01-03 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 01-02 қаңтарда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 03 қаңтарда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 01-02 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 02 қаңтарда екпіні 23-28 м/с, 03 қаңтарда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 01-03 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 02 қаңтарда таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.