Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 31 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 31 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.