«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22-24 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 22 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында, 23-24 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 22-24 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.