Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 21 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.