«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 20 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.