«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15 желтоқсанда күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 15 желтоқсанда күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.