«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 14 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 14 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.