«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 08 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 08 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.