«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 30 қарашада – 1 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. 30 қарашада – 1 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 30 қарашада – 1 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 30 қарашада – 1 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары!
Қауіпсіздіқ шараларын сақтаңыздар!