«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 13 қарашада күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 13 қарашада кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.