«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 11 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 11 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.