«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 05 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман сақталады.
06 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 05 қарашада кей уақытта тұман сақталады.
06 қарашада кей уақытта тұман, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.