«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 05 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүсікбатыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.