«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 28 қазанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 28-29 қазанда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 28-29 қазанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 28 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 29 қазанда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 28-29 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 28 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.