«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 2024 жылдың 23-24 қазан аралығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.