«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 2024 жылдың 11-13 қазан аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.