«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10 қазанда күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 10 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
10 қазанда облыстың солтүстік-батысында төтенше, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 10 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.