«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 07 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 07-09 қазанда түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 08-09 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
07-09 қазанда облыстың оңтүстік-батысында төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 08 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.