«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 02-03 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, 04 қазанда күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі. 02-04 қазанда түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 02 қазанда облыстың таулы аудандарында, 03-04 қазанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 02-04 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 02 қазанда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.