Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24-25 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 25 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 24-25 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 24-25 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 24-25 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.