«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 20-21 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 20-21 қыркүйекте күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 20-21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 20-21 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 20-21 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.