«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 16-17 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 16 қыркүйекте күндіз облыстың таулы аудандарында, 17 қыркүйекте облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 16-17 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 17 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі.
16-17 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.
16-17 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.