«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 14-15 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. 14-15 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 14-15 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 14 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 14-15 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.